Pinus kesiya қарағайы

Pinus kesiya қарағайы азиялық қарағайдың ең жылдам өсетін түрі болады, ол отанның шетінде сирек өсіріледі. Оның биіктігі 30–35 метрге дейін жетеді, ал дің диаметры 1 метрге дейін болады. Ол үш-инелі қарағай (бір уыстан ұзындығы 15–20 см 3 қылқанды жапырақтар шығады). Ісіктердің үлкендігі 5–9 см, ал ұрықтардың ұзындығы 1,5–2,5 см.

Оның таралған ареалы солтүстік-шығыс Үндістандың Шығыс Гималайынан (қазырғы кезде орман азайғаны үшін тек ғана Мегхалая және Манипур штаттардың Хаси және Нага таулы массивтарында), Қытай (Юньнань провинциясы), Бирма (Мьянма), солтүстің Таиланд, Лаос және Вьетнамнан (Лайтяу, Лангшон, Каобанг, Куангнинь) Филиппинге дейін (Лусон) жетеді. Кейде Филиппиндең шыққан қарағайды Pinus insularis деп белгіленеді. Қытайда осы секілді – юньань қарағайы (Pinus yunnanensis) өседі.

Ол беткейлерде аралас орманның ішінде, құнарлығы төмен, қышқыл (pH 4,5) қызыл немесе сары күлді топырақтарда өседі. Теңіз деңгейінен 800–2000 метр биіктікте, ең жиі 1200–1400 метр биіктікте өседі. Климаты субтропикалық, мусонндық – құрған және дымқыл мезгілдер кезектесіп тұрады. Жауын-шашындар өте мол, ауа ылғалы 70%-тен төмен түспейді.

Ол кішкене аяздарға төзімді, бірақ қолмен өсіргенде жай келген қатқақтардға шыдамсыз. Сондықтан оның өсі үшін қорғалған жер қажет, мысалы, солтүстік жағынан қоршалған оңтүстік беткейде. Оңтүстің аймақтарда аяздар кезінде ең жақсысы оны жылыжайда 0 °C-тың шамасында өсіру керек. Оңтүстік Европада оны жыл бойы ашық жерде өсіруге болады.

Ағылшын атауы: khasi pine Синонимдар: Pinus khasya, Pinus khasyanus

Gedruk vanaf neznama adresa