Черимойя (Annona cherimola)

Соңғы кезде Еуропаға өте қызықты тропикалық жемістерді шеттен әкеліп жатыр. Мен өзім черимойя жемістерін сатып алып, дәмін көргем. Сатуда жиі болмаса да, ол өте жақсы дәмдің арқасында қашанда сұранысқа ие болады.

Черномойя Колумбиядан Перуға дейінгі Анды алқаптарында теңіздің деңгейінен 1500 м биіғінде өсетін (Annona cherimola) ағаштың ең жиі пайдаланатын сауда аталымы. Ол аласа жерлердің температусынада өседі, сондықтан Сіз черномойяны дүниежүзінің талай жылы аймактарында кездесе аласыз, мысалы, Израильде, оңтүстік Испанияда. Осы тұқымдасқа мөлшері 120 түр жатады.

Черимойя жемістін қабыршығы күнгірт жасылды-қоныр. Оның сырт жағы кедір-бұдырлы, оны қысып алған бармақтардын орындары қалған секілді. Кейбірлер оны гонт шатырына ұксастырады. Піспеген қатты жемістерін жұмсару үшін, оны пәтердің температурасында ұстай тұруға болады. Жемістің ішкі жұмсағының түсі ақ сары, дәмі ананаспен бананға ұксас, үлкендігі бұршақтай өте ұлы 10–20 ұрығы бар. Көбінде ішкі жұмсағын шикідей жейді.

Ұрықтарын пәтерде немесе жылы парникте егіп өне бастауға болады. Өсімдіктін шыгу уақыты әр-түрлі, бірақ әдетте 3 аптаның ішінде шығады. Ұрықтардын жақсы өнгіштігі үшін температура 27 °C шамасында болуға тиіс. Ұрақ шыққан үсақ өсімдіктердің түсі қызғылт болады. Алайда, біраз уақыттан соң олардың түсі қою жасыл болады. Ұзындығы 10–15 см жапырақтары жұмыртқа формасына ие болып сырты мамықпен басылады, теріс жағында анық тамырлар пайда болады. Қыста жапырақтары біраз түседі. Зақымданғанда оларда ерекші иіс болады. Түскен жапырақтын орына жаңа бұтақтар пайда болады. Анноновтар тұыстығына жататын барлық түрлеріне мол жарық және дұрыс қыстау керек, бірақ әуескер бақбаншылардын арасында ол тұралы орташа ой-пікір жоқ. Мен аннонаны қыс бойы температурасы 10–15 °C жайда ұстаймын.

Әдетте аннона 3–5-ші жылда гүлдейді. Гүлденгенше оның кейпі босаң болады, жапырақтардың көбі түседі. Ол гүлденгенде, түскен жапырақтардың орына немесе жас жапырақтармен бірге сарылау гүлдер атады. Тозаңдану үшін 2 өсімдік керек. Оларды қолымен тозаңдатуға болады. Жемістердің пісуі 5–7 ай созылады.

Бұтаның өсіп жатқан ұшына алаңдамаңыз, ол әрқашанда босаңды боп көрінеді. Ұзақ созылмаған құрғақшылық өсімдікке зиян келтірмейді, бірақ қыста да оны суарып тұрған жөн. Егер жолыңыз болса, Сіз анноновтардың басқада қызық түрлерін алаласыздар.

Annona sqamosa – қабыршықты аннонаның жемістері қабыршақ тәрізді, қарағай түйіндеріне ұқсас болады. Оны басқаша қантты алма деп атайды. Түстері жасыл немесе сары-жасыл болады.

Annona reticulata – аннона торлы, өзінің қанға ұксас түрі үшін «есек» немесе «бұқа жүрегі» аталады. Ішкі жұмсағы қатты, тәтті болады.

Annona muricata – жұмсақ тікендері бар аннона, басқаша гуанабана деп аталады. Оның жемістері ең үлкен (салмағы 1,5 – 5 кг) және де «ең тропикалық» деп табылады. Жемістер діңгекте өседі, жарты сантиметр ұзындығы бар тікенекті бөрткендермен ерекшеленеді. Жасыл түсті. Жапырақтарынан короссол шайын жасайды.

Gedruk vanaf neznama adresa