Нан ағашы Artocarpus odoratissimus

Онтұстік-Шығыс Азия және Тынық мұхиттың аралдарынан шыққан Нан ағашы (Artocarpus) туыстығына тұт тұқымдастың (Moraceae) мәнгі жасыл тропикалық ағаштардың 60 түрі жатады. Ол фига ағашымен (Ficus) туыстығы бар. Нақты нан ағашы (Artocarpus altilis) ең танымалы және ең жиі өсіріледі. Осы туыстыққа басқа да бірнеше жеміс бұталармен ағаштар жатады, мысалы: Кәдімгі Артокарпус (Artocarpus communis), (Жабайы) шемпедак (Artocarpus integer), Жекфрут (әр-түрлі жапырақті нан ағашы) (Artocarpus heterophyllus) және Маранг немесе тарап (Artocarpus odoratissimus).

Берілген мақалада біз сирек танымал Борнео (Индонезия) аралынан шыққан Artocarpus odoratissimus түрін ұсынамыз. Бірақ жерлікті халықтын мұқтаждығы үшін ол көрші елдерде де (Малайзия, Таиланд, Филиппины) өсіріледі. Өз жерінде ол: Атау, Кейран, Лолой, Маданг, Маранг, Пи-иен, Пинган, Тарап, Терап, Ханун сампалор (Atau, Keiran, Loloi, Madang, Marang, Pi-ien, Pingan, Tarap, Terap, khanun sampalor) деп аталады. Бірақ осы аймақтың шетінде оны мүлдем танымайды деуге болады. Табиғатта ол құмды топырақта, теңіз жағалауынан екінші кезектегі ормандарда, теңіз деңгейнен 1000 метрге дейін биіктікте өседі.

Өсімдік биіктігі 25 метрге дейін жетеді, жапырақтардың ұзындығы 16–50 см, ені 11–28 см. Ол бірүйлі, сондықтан жемісті жалғыз өсімдік өзі жарату мүмкін. Жемістің түрі жұмыртқаға тәріздес, бет жағы жасыл, ұзындығы 16 см, ені 13 см. Салмағы 1 килограммға жуық. Жемісті пісіріп те, шикідей де жеуге болады. Әрқашан жеген алдына жемістерді температуралық өндеумен залалсыздандыру керек. Онтұстік-Шығыс Азия тұрғындары үшін нан ағаштары маңызды тағам элементі. Жеміс жұмсағы ақ-қарлы, өте тәтті, сөлді, хош иісті, дәмі нәзік, дурианға ұксас (Durio, әлемде ең жағымсыз иісті жеміс), бірақ одан ерекшелігі жағымсыз иісті таратпайды.

Artocarpus odoratissimus нан ағашы ұрық арқылы көбейеды. Жаңадан алынған ұрықтардың өнгіштігі жақсы, олар бір апта ішінде өніп шығады. Біздің Барнео аралында ұрықтарды зерттеу нәтижесіне қарағанда, 3 апта ішінде ұрықтардың өнгіштігі толық жоғалады. Сондықтан ұрықтарды дереу, ең жақсысы құмды, өтімділігі жақсы топыраққа егу керек. Вегетативтік көбейту (қаламшамен, телумен) оңдай табысқа жеткізбейді. Нан ағашы аурулардан, зиянкестерден сирек зардап шегеді.

Тропикада пайда болуына байланысты, бұл түр аязға шыдамсыз. Ең төменгі температура 7 оС-тан төмен түспеуы керек. Бұл біздің жағдайға әкелгенде, оны не патерде, не көшетханада өсіру керек.


foto

Нан ағаштың жемісі Artocarpus odoratissimus, Борнео, Индонезия

foto

Нан ағаштың жемісі Artocarpus odoratissimus, Борнео, Индонезия

foto

Нан ағаштың жемісі Artocarpus odoratissimus, Борнео, Индонезия

foto

Нан ағаштың жемісінің бөлшегі Artocarpus odoratissimus, Борнео, Индонезия

foto

Нан ағаштың жемісінің бөлшегі Artocarpus odoratissimus, Борнео, Индонезия

foto

Нан ағаштың жемісінің бөлшегі Artocarpus odoratissimus, Борнео, Индонезия

Gedruk vanaf http://www.botanix.kpr.eu/kk/print.php?t=1