Ботаникс – өсімдіктер және бақбаншылық туралы журнал

Қазақ болжамы

Pinus kesiya қарағайы

Pinus kesiya қарағайы азиялық қарағайдың ең жылдам өсетін түрі болады, ол отанның шетінде сирек өсіріледі. Оның биіктігі 30–35 метрге дейін жетеді, ал дің диаметры 1 метрге дейін болады. Ол үш-инелі қарағай (бір уыстан ұзындығы 15–20 см 3 қылқанды жапырақтар шығады). Ісіктердің үлкендігі 5–9 см, ал ұрықтардың ұзындығы 1,5–2,5 см.

Оның таралған ареалы солтүстік-шығыс Үндістандың Шығыс Гималайынан (қазырғы кезде орман азайғаны үшін тек ғана Мегхалая және Манипур штаттардың Хаси және Нага таулы массивтарында), Қытай (Юньнань провинциясы), Бирма (Мьянма), солтүстің Таиланд, Лаос және Вьетнамнан (Лайтяу, Лангшон, Каобанг, Куангнинь) Филиппинге дейін (Лусон) жетеді. Кейде Филиппиндең шыққан қарағайды Pinus insularis деп белгіленеді. Қытайда осы секілді – юньань қарағайы (Pinus yunnanensis) өседі.

Ол беткейлерде аралас орманның ішінде, құнарлығы төмен, қышқыл (pH 4,5) қызыл немесе сары күлді топырақтарда өседі. Теңіз деңгейінен 800–2000 метр биіктікте, ең жиі 1200–1400 метр биіктікте өседі. Климаты субтропикалық, мусонндық – құрған және дымқыл мезгілдер кезектесіп тұрады. Жауын-шашындар өте мол, ауа ылғалы 70%-тен төмен түспейді.

Ол кішкене аяздарға төзімді, бірақ қолмен өсіргенде жай келген қатқақтардға шыдамсыз. Сондықтан оның өсі үшін қорғалған жер қажет, мысалы, солтүстік жағынан қоршалған оңтүстік беткейде. Оңтүстің аймақтарда аяздар кезінде ең жақсысы оны жылыжайда 0 °C-тың шамасында өсіру керек. Оңтүстік Европада оны жыл бойы ашық жерде өсіруге болады.

Ағылшын атауы: khasi pine Синонимдар: Pinus khasya, Pinus khasyanus

««« Алдыңғы мәтін: Nicotiana glauca темекісі – перспетивті балкон өсімдігі Келесі мәтін: Жаңа гүлзарды (газонды) саламыз »»»

Сенбі 2.1.2010 14:44 | Қағазға басу | Қылқан жапырақтылар

КПР клуб тұралы

КПР - Өсімдік өндіретін клубы Словакия
КПР – өсімдік өсірушілер клубы - халықаралық әуескер бақбаншылар ұйымы. Көбірек оқу...
Өсімдіктерді өсіру тәжірибенізбен бөлісініз. Сол тұралы мақала жазып, оны өз тұған тілінізде Ботаникс журналына жарияланыздар. Толығырақ ақпарат алушын бізбен байланысыңыздар.

Санаттар: Бәрі Газон Зиянкестер Пальмалар Саңырауқұлақтар Суда және батпақта өсетін өсімдіктер Экзотикалық өсімдіктер Қылқан жапырақтылар Өсімдік өсіру тұралы нусқаулар