Ботаникс – өсімдіктер және бақбаншылық туралы журнал

Қазақ болжамы

Таңғажайып вельвичия (Welwitschia mirabilis) – тірі қазбаны өсіріндер

foto Таңғажайп вельвичия немесе ерекше вельвичия (Welwitschia mirabilis) бұрынғы заманнан келе жатқан өсімдік, қазіргі кезде ол тек ғана Атлантық мұхиттің жағасында, Намибияда, Анголаның оңтүстігінде шектелген аумақтың шөлінде өседі. Ол бір қарағанда ағашқа тіпті ұқсамайды да. Өсімдік бір домалақ дің-тамырдан және үзілмей өсетін 2 жапырақтан тұрады. Жапырақтары ұзындығы 2–4 метр, 2 шалыс лентаға ұқсас, сондықтан вельвичия қоқсық үйме секілді. Былайша айтқанда, жапырақтары көктей береді, үзілмей өсіп аяғы жағында бобарап құрып жатады.

foto Сондықтан вельвичия өмір бойы (тіпті жеміс берген кезінде де), көктеп келе жаткаң кезеңіде бола береді, бұл өсімдіктер әлемінде ерекше жағдай. Вельвичия екі ұялы, сондықтан ұрықтары пайда болу үшін екі өсімдік керек – аталықпен аналық. «Гүлдері» түйін ішінде орналасады (қылқан жапырақтылар немесе саговниктарда секілді), жапырақтары құыстаң шыққан сияқты. Аналық түйіндер піскен соң ыдырап қоптеген женіл, ауамен тарайтын дәндерді босатады. Финогенетикасына қарасақ олар бұрыңғы заманнан кележатқан өсімдіктердің гнет (Gnetopha) тобына жатады, қылқан жапырақтыларға жақын тұыс. Гнет тобына бір-біріне өте алыс 3 тұқым жатады: гнетумдер (Gnetum) – үлкен шеттері бүтін жапырақтары бар лианаға ұқсас өсімдіктер, эфедра (Ephedra) – бұталар және жалғыз вельвичия.

Вельвичия, оны 1860 жылы ашқан Фридрих Вельвич (Friedrich Welwitsch) құрметіне аталған, ол Намибия мемлекеттік таңбасында бейнеленген.

foto Шөлдің қатал жағдайын величивия өте жақсы икемделінген. Оған жауын-шашын мүлдем қажет емес, өсімдікке мұхиттан тұмандармен келетін дымда жетеді. Оны өсіргенде осыны есте сақтаған жөн. Ең көбінде қатерге ақелетін мол суару, сондықтан өсімдік шіріп қалады. Сондықтан, субстратта артық су қалып тұрмау үшін ұрықтарды гравийлы-құмды субстратқа еккен жөн (құм тастар мөлшері 2–5 мм). Суарғанда, одан жақсысы жәй су сепкенде байяу болу қажет. Ұрықтар суланған соң бір жұма ішінде шығады. Өсімдікті оңтұстік жақтағы терезе алдында өсіруге болады. Оны өсіргенде шыдамдылық керек, өйткені өсімдік өте ақырын өседі, бұны нақты динозавр деуге де болады. Егерде Сіз оны жетелді құрғақ ашық жермен қамтамасыз етсеңіз, ол Сізден көп жасайды екеніне күмәніміз жоқ! :-)

««« Алдыңғы мәтін: Біз авокадо өсіреміз Келесі мәтін: Біз дән қоңыздарына қарсы күресеміз »»»

Жұма 25.12.2009 12:45 | Қағазға басу | Экзотикалық өсімдіктер

КПР клуб тұралы

КПР - Өсімдік өндіретін клубы Словакия
КПР – өсімдік өсірушілер клубы - халықаралық әуескер бақбаншылар ұйымы. Көбірек оқу...
Өсімдіктерді өсіру тәжірибенізбен бөлісініз. Сол тұралы мақала жазып, оны өз тұған тілінізде Ботаникс журналына жарияланыздар. Толығырақ ақпарат алушын бізбен байланысыңыздар.

Санаттар: Бәрі Газон Зиянкестер Пальмалар Саңырауқұлақтар Суда және батпақта өсетін өсімдіктер Экзотикалық өсімдіктер Қылқан жапырақтылар Өсімдік өсіру тұралы нусқаулар